Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында миокард инфарктін алған. 21 жастағы жігітке бірегей операция жасалды. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында  тегін жүзеге асты. 

Сирек кездесетін жүрек ауруына шалдыққан маңғыстаулық Әлімжан өлім аузынан қалды. 21 жастағы жігіт өзінде туа біткен жүрек патологиясы бар екенін осы күнге дейін білмеген. Айтуынша, маусым айында оның жағдайы күрт нашарлап, қан қысымы екі жүзге дейін көтеріліп, жүрек соғысы жилеп кеткен. Дәрі ішіп көреді. Басылмаған соң ауруханаға өз аяғымен барған. Дәрігерлер оған жүректің қарынша үсті тахикардиясы, миокард инфаркті диагнозын қояды.  
  
ӘЛІМЖАН АТАНТАЙ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  «Жүрек шаншып, қатты соғып давлением 200-дің үстінде түстім Жаңаөзенде больницаға.Ол жақта мен екі күн реанимацияда жаттым. Ол жақ КазНИИ кардиологияны порталмен ұсынды.Операцияны осы жерде жасайды деп. Қазір жағдайым жақсы қазір мені ештеңе мазаламайды қазір.Өзімді жақсы сезінем. Ұйқым тыныш».

Жаңаөзенде  науқасқа коронагрфия жасалады. Бұдан кейін тек 40 күннен соң операция жасалуы тиіс. Дәрігерлер қарынша үсті тахикардиясының қайталап ұстап қалу мүмкіндігі жоғары болған соң бұл уақытқа қарамай ота жасауға мәжбүр болған. 

БАҒДАТ АХЫТ «КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР» ҒЗИ  БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: «Жүректің қатты соққанына байланысты спазм деп айтамыз, сол сәтте жүректің тамырлары қысылып қалған.Ол уақытында жедел жәрдем көрсетпесе жедел жіті өлімге әкелетін жағдай.Оттегі жетіспей жүректің тамырлары қысылып инфарктке әкелген жағдай болып тұр.  Біздің жасаған ота нәтижесінде қазіргі болжамымыз 95 пайызға дейін айтуға болады жүректің мүндай приступтың қайталанбауына қазіргі жағдайда кепілдікпен айта аламыз».

Дәрігерлердің сөзінше, миокард инфаркті диагнозы әлем бойынша  10-15 жылда бір адамға ғана қойылады.