Оралда жарылыс болған дәмхана ғимаратын жалға алған кәсіпкер қамауға алынды. Дәмханадағы жарылыстың себебіне қатысты ақпарат беру мақсатында қалалық сәулет және қала құрылысы бөліми, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметі, БҚО ТЖД басшыларыны ң қатысуймен баспасөз брифингі өтті. Кездесуде тілшілердің бирқатар сауалдары демхана иесине қатысты болды.

Жиынның басты мақсаты-жарылыс орнында болған оқиғаның себебі жөнінде ақпарат беру. Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 02:07 шамасында «Ел ырысы» базары маңында орналасхан «RIZYQ» демханасындағы жойқын жарылыс пен 25 метрді шарпығын өрт салдарынан 3 адам қа за тауып, 6 адам жарақат алған болатын. Салдарынан көршілес тұрғын үйге де залал келген еді.

Нысандар арасындағы қашықтық үш метр екен. Бірінші дәмхана ашылып, артынша нысанға тым тайу жерден тұрғын үй бой көтерген.

МҰРАТБЕК ТӘШЕНБАЕВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМИНІҢ БАСШЫСЫ

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті өкілінің айтуынша, тілсіз жау газовые баллоның жарылуынан туындаған. Бүгінде зертханалық зерттеулер жүргізілуде, тергеушилер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Ғимараттың алдымен оң жақ қабырғасы, сосын төбеси, кейин екінші қбаты түгел опырылып ортасына түскен. Тергеу нәтижесі туралы кейинірек хабарлаймыз», - деді мамандар.

Оқиға орнында қаза тапқандар мен ауруханаға жеткізілгендерге қатысты мәліметтер айқындалды. Жарылыс салдарынан көз жұмғандар: Маргарита Мұхамбетжанова- 19 жастағы студентка, дәмханада даяшы болып жасаған. Ерхан Тоқпаев- 20 жастағы студент, снабженец дәмханаға тамақтануға келген. Үшінші қаза тапқан адам - ​​Руслан Қаржаубаев, 32 года. Көлик жөндеумен айналысып, кейин дәмханаға тамақтануға тоқтаған. Ониң артында әйелі мен ұл-қызы қалды. Русланмен бірге келген досы Бегайдар Аткешев жарылыс орнынан құтқарылып, бүгинде ауруханада жатыр. Бұдан бөлек тағы 4 адам жансақтау бөлиминде. Олардың екеуі -Айгерим Қасымқызы мен Алязи Сагиденова. Олардың еміне халықтың көмегімен қажетті қаражат жиналып, Самара қаласы дерігерлерінің қолына тапсырылды. Ал екеуи Өзбекстан азаматтары. Бірі-аспаз, бірі-кәуап писіруши болып қызмет атқарған. Осы дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Күдіктіге «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсиздігі ережелерін бұзды» деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәсіпкер уақытша ұстау изоляторында отыр.