Мексикада шамамен 4000 адамнан тұратын үлкен керуен бөлінді. Көшіп-қонушылар АҚШ-тың оңтүстік шекарасына қарай үлкен топпен жаяу жүріп, ол жаққа көшіп, жаңа өмірді бастауға үміттенді.

Босқындарға транзитке арнайы рұқсатсыз көлікпен баруға болмайды. Бірақ Мексика үкіметі оларға осындай анықтама беруге уәде берді. Содан кейін олар адамдардың құжаттарын өңдеу үшін бірнеше көші-қон орталықтарына бөлінуі керек екенін айтқан. Кейбір мигранттар мұны биліктің қулығы деп санайды.

ГОНДУРАСТАН КЕЛГЕН БОСҚЫН:
"Бұл босқындар керуенін жоюдың жолы деп ойлаймын, себебі ол өте үлкен болды. Олар оны бөлді. Мысалы, ер адамды отбасынан бөліп алып, жалғыз алып келді. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларды бір жерге апаратындарын айтты, бірақ ол өтірік сияқты".

ГОНДУРАСТАН КЕЛГЕН БОСҚЫН:
"Біздің ойымызша олар көшіп-қонушылар тобын бөліп тастамақшы. Бәлкім, бұны керуенді тарқату үшін жасаған болар. Ешкім бізге нақты түсіндірмейді".

32 босқын босатылған соң керуен таратылды. Оларды Тамаулипас штатындағы автобустан белгісіз содырлар ұрлап кеткен. Арасында негізінен Латын Америкасынан келген мигранттар болды. Автобус Техас штатына бара жатқан. Баспана сұраушылар мен құқық қорғаушылар бірнеше айдан бері түрлі қылмыстық топтар ықпал ету салалары үшін күресіп жатқан Тамаулипас маңындағы адамдарды ұрлау дағдарысы күшейіп бара жатқандығын ескертіп келеді. Ал Нью-Йорк 17 автобус компаниясын штаттың заңын бұзған деп айыптап, сотқа шағым түсірді. Бұл тасымалдаушылар штатқа Техастан 33 мыңнан астам мигрантты жеткізген. Бұл науқанды шекарадан заңсыз өтетін адамдарды өз аумағынан шығарып жіберу үшін республикалық штат губернаторы ұйымдастырды. Ол Байден әкімшілігін көші-қон заңдарын әлсіреткені үшін айыптайды.