Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс жасауда. Негізгі мақсат, сапалы білім,саналы тәрбие беру.Сонымен қатар, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Бұл Алматы қаласындағы № 49 жалпы білім беретін мектеп.Қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қолдарына қасиетті домыраны алып,келген қонақтарды қарсы алған оқушылар,көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Білім ордасына келген ата-аналар да салтымызды дәріптеп, ұстаздар мен бірге рухани кештің мәнін аша білді.Бас қосудың басты тақырыбы «Қыз ғұмырдың құпиялары» деп аталды. Онда қыз баланың дүниеге келуінен бастап берілетін тәрбиенің қайнар көзі талқыланды.

ЖАННА ХИСАМИДДИНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №49 ЖББМ ДИРЕКТОРЫ

Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі деп дана халқымыз бекер айтпаған.Қазақ қашанда қыз баланың тәрбиесіне ерекше көзқараспен қараған. Қызды қырық үйден тыю,қыз балаға дауыс көтеріп сөйлемеу, қамқорлық пен өзіне жарасар нәзік қасиеттерді сіңіре білген.Өйткені ол келешек ана,ұрпақ тәрбиелеуші жан деп білген. Министрлік бастап,ұстаздар қоштап отырған «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасының мәні де осында деуге болады.

ЖАНАР МҰҚАШЕВА АТА-АНА

Жиын барысында қызу тақырыптар талқыланып,ата-аналар мен ұстаздар арасында пікір алмасу орын алды. Онда жаһандану заманында қазақ қыздары қандай болғаны дұрыс? Қыздарға қатысты талаптың ең маңызды мәселелері? Отбасы бақытының қызға қатысты сырларын ашу тәсілдерін тілге тиек етті. Ата-аналар тарапынан осындай игі бастамаларды тұрақты түрде өткізіп тұруға ұсыныстар айтылып, рухани жаңғырудың қажетті екендігі айтылды.