Еліміздің 17 аймағында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлау науқаны орын алды.Бұрын соңды болмаған шара,Алматы облысында да ерекше көңіл күймен өтті.Өңір бойынша сайлаушылар, Жамбыл мен Балқаш ауданы әкімдеріне таңдау жасады.
Алматы облысы Жамбыл ауданында 105 895 сайлаушыға арналған 77, Балқашта 19 452 сайлаушыға 23 сайлау учаскесі қарастырылған.Ақындар мен батырлар елінде барлық сайлау учаскелері таңғы жетіден есігін ашты. Маңызды науқанда таңмен таласа келген тұрғындардың белсенділігін байқадық.Аймақтан үш кандидат ұсынылды.
РАУШАН ЕРМҰХАНОВА №279 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жамбыл ауданы әкімін сайлау нақанына барлық жағдай жасалған.Кандидаттардың барлығына бірдей мүмкіндік беріліп, мерзім ішінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.Үміткерлердің үшеуі де осы аймақтың тумалары.Сайлаушылар олардың өмір жолымен толық таныс деуге болады.
ЖАҚСЫЛЫҚ СҰЛТАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Аудан әкімін сайлау науқаны ерекше көңіл-көймен ұйымдастырылды. Мыңбаев ауылдық округі тұрғындары үшін,төмен бағада азық-түлік жәрмеңкесі орын алды. Сайлау учаскесінің маңынан орын тепкен жәрмеңкеге бас сұқпаған адам жоқ.Олар өздеріне қажетті ауыл шаруашылық тауарларын сатып алып жатты.
ТЕМІРЛАН ТӨЛЕБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ МЫҢБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Сайлау науқанының құрметіне орай,мерекелік концерт пен жастар арасында футболдан спорттық шара ұйымдастырылды.Жамбыл ауданы тұрғындары көтеріңкі көңіл-күйде болды деуге болады.Таңнан,кешкі 20-00 дейін өздерінің таңдауын жасау үшін,сайлау учаскелеріне келіп,дауыстарын берді.Елімізде алғаш рет өткізілген сайлаудың қорытындысы бойынша Жамбылдықтар,осыған дейін әкім болған Нұрлан Ертасұлына дауыс берген.Ол, айтулы дода да 58 мыңнан аса дауыс жинап, жеңіске жетті.Ал облысқа қарасты Балқаш ауданында «Аманат» партиясының атынан бағын сынаған Азат Құтпанбетов жергілікті халықтың басым даусына ие болды.