"

Қалай лудоманға айналады? Бұл тәуелділікті емдеудің жолдары бар ма? Талдықорғанда психологтардың, дінтанушылардың және ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен "Лудомания – қауіпті індет" тақырыбында конференция өтті.Онда ойынға тәуелділікті алдын алу мәселесіне мән берілді.

Психикалық ауытқулар немесе ХХІ ғасырдағы проблема. Лудомания - қазіргі заманғы ауруға айналды. Букмекерлер былай тұрсын, тіпті жасы 21 ге толмаған жастар интернет арқылы неше түрлі ойындарды ойнап отырады. Басында тек жай ғана қызық үшін кіріп, қалай тәуелді болып қалғанын байқамай қалады. Бұл проблема қоғамда неге күннен күнге өте қарқынды дамуда? Оны қалай шешуге болады? Осы мәселелер жиынның басты арқауы болды.

ҚАНАТ МҮТЕБАЕВ - ДІНТАНУШЫ, ПСИХОЛОГ: «Қазіргі кезде лудомания дегеніміз көбінесе мына жастардың кәсібі ретінде, қосымша пайдаланатын жұмысына айналып бара жатыр. Бұл қоғамның үлкен бір дерті, өйткені кім осы құмар ойынға бір қадам бастап келетін болса, я болмаса бір теңге тігетін болса, онда ол адам ойлау керек, әсіресе жастар. Мен ата-анамды тігіп жатырмын, мен достарымды, мен бала-шағамды соған тігіп жатырмын деп ойлау керек, неге. Оған бір қадам бастап кіргеннен кейін ол жерден ештеңесіз шығасың».

ДИНАРА МАМЫРОВА – ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: «Лудомания деген ол бірінші тәуелділік, ең бастапқысында адам ставка қою арқылы жеңем деп ойлайды, жеңіл ақша табуға тырысады. Бірақ жеңілгеннен кейін тағы да ақша салып тағыда қарызға батып жатады. Негізі енді бұл лудомания ең былай айтқанда суицидқа алып келетін,бір тәуелділіктің бірі болып саналады».

Еліміздегі букмекерлік кеңселер мен казинолардың 1 күндік қаржылық айналымы 3,5 миллиард теңгеге жеткен. Мысалы, 2020 жылы - 89 миллиард, 2022 жылы – 500 миллиард, 2023 жылы 1 триллион теңгеден асады. Бұл тек букмекерлік кеңселердің бір күндік көрсеткіші.

ҚАНАТ МҮТЕБАЕВ - ДІНТАНУШЫ, ПСИХОЛОГ: «Бүткіл ата-анаң, бала-шаға, туған-туысқанның барлығын ар-намыс абыройдың бәрін құртып, өзің жеке қалып қана шығуға болады, басқа жол жоқ. Бұл турасында Аллах тағала қасиетті Құрани кәрімде былай деп айтады. Арақ ішу, құмар ойнау, бал ашып, бәсекелесу, сондай жиіркенішті шайтанның амалынан бұл дейді. Сендер бұдан қашыңдар, сонда ғана құтыласың дейді».

Қазіргі таңда лудомания наркоманиядан да қауіпті дертке айналды. Сондықтан осы тақырыпқа байланысты тәуелділіктің алдын алу шараларын Алматы және Жетісу облыстарының ішкі істер органдары қызметкерлеріне  түсіндіру басты мақсат - дейді ұйымдастырушылар.