Елімізде алаяқтардың арбауында сан соғып қалғандар көбейіп барады. Әсіресе жалған қарыздар ресімдегендердің ілмегіне ілінгендер көп. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Аталмыш жағдайдың статистикалық өсімі жаға ұстадады.Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы нарыгын реттеу және дамыту агенттігі, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қаржылық алаяқтық мәселесіне ерекше назар аударуда.
АЛЕКСАНДР ТЕРЕНТЬЕВ ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ: «Жыл сайын қаржылық алаяқтардың әдістері күрделене түсуде. Зиян келтірушілер азаматтарды алдау үшін әлеуметтік инженерия мен IT-технологиялардың заманауи әдістерін қолданады. Біз бірге әрекет етіп, алаяқтарға қарсы сенімді тосқауыл қоюымыз керек»
Кез-келген адам біліміне, жұмыс саласына, мәртебесіне қарамастан қаржылық алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Бірақ көбінесе цифрлық әлемге дайын емес аға буын қаржылық алаяқтардың қулықтарына көбірек тап болады екен.
АЛЕКСАНДР ТЕРЕНТЬЕВ ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ: «Шабуылдаушылар зейнеткерлерге қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде көрсете отырып, мысалы, олардың карточкасынан біреу қаражат алуға тырысып жатқанын хабарлауы мүмкін. Алаяқтар ақшаны қауіпсіз шотқа аудару қажеттілігі туралы сендіреді. Содан кейін олар егде жастағы адамның интернетті немесе мобильді банкингті қалай пайдалану керектігін анықтайды, зейнетақы ақшасын қашықтан қалай аудару керектігі туралы нұсқаулар береді, телефонға осы немесе басқа қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді. Бұл ретте алаяқтар асығыс және эмоционалды қысым жасайды».
Сондай-ақ, егер сіз өзіңіздің жеке деректеріңіз туралы ақпаратты айтып қойған болсаңыз, онда сіз картаңызды шұғыл түрде бұғаттап, банктік қосымшадағы жеке кабинеттен, электрондық поштадан, әлеуметтік желілердегі аккаунттардан құпия сөздерді өзгертуіңіз керек. Алайда алаяқтар сіздің шотыңыздан ақша алып үлгерсе, банкке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда.