Бүгін, 18 қараша еліміздегі айырбас пункттерінде доллар орташа есеппен 495 теңгеден сатып алынып, 500 теңгеден сатылды. АҚШ долларының құбылмалы бағамы тұрғындарға қалай әсер етіп жатыр,  келесі бейнематериалға назар аударсақ.

Доллар бағамының қымбаттауының әсері ме,  бүгін ақша айырбастау пунктерінде тұрғындардың қарасы қалың. Кейбірі доллардың көтерілуінен бейхабар болса, енді бірі қарабайыр халыққа келіп кетер пайдасы жоғын атап өтті.  Айтуларынша, доллардың өсуі елдегі азық-түліктің қымбаттауына, күнделікті құрал жабдықтардың бағасына да әсер етуі бек мүмкін. 

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Зейнеткер болғаннан кейін, бізге әсер ете қоймайды. Дегенмен жас отбасыларға, кішкентай балалары барларға қымбаттағаны білінеді. Аз ғана уақыттың ішінде баға тым шарықтады. Ал  теңге құнсызданып барады. Жалақы мен зейнетақы мөлшері сол қалпы. Сол себептен мемлекет дұрыс шешім қабылдап, елдегі тауар мен, өнімдердің бағасын қымбаттатпаудың жолын қарастырар деген сенімдемін» 

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ “Доллар бағамының өсуі мемлекетке тиімді. Себебі біз шет елге мұнай сынды шикізат сатамыз. Бұл ел экономикасына жақсы әсер етеді. Ал біз шикізат емес, жеміс-жидектер мен өнімдерді сататын болсақ, біз өзіміздің өнімді теңгеге алып, долларға халық тәуелді болмас еді. Ал қазіргі уақытта өнімді шет елден алғандықтан доллар мен бірге өнімдердің де бағасы көтерілмек. Осы бір теңдік орнағанда баға тұрақты, ел экономикасы дамый беретін еді»

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Нарыққа байланысты ғой бәрі. Бізге халыққа кішкене қиын болайын деп тұр. Себебі теңге құнсызданып барады, әсер етеді деп ойлаймын» 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде Еуро 522,5 — 527 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.  Айта кетейік, 15 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,97 теңгеге қымбаттап, 496,01 теңге болған.