"

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин пікір білдірді. Ол бұл жаңалықты еш таңданыссыз қабылдағанын айтты. Өйткені соңғы күндер тым қарабалас болды дейді шенеунік.

Айта кетейік, қазір Перизат Қайрат ісі тергеліп жатыр. Тергеу аяқталғанша ол 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қазір танымал блогерге екі айып тағылып отыр. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған және Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету кезіндегі 200 млн теңгеден аса қаражатты қалтасына басты деп күдіктелуде.