Биыл жүгері еккен шаруалардың еңбектері еш кеткені ме? Жинаған өнімімізді қабылдамай отыр деп шаруалар шағымдарын айтты. Олар Талдықорғандағы жүгері қабылдайтын «Халық астық экспо» компаниясының алдында төрт күннен бері тұр екен. Мәселенің мән-жәйін келесі бейнематериалдан көріңіздер.
Тағы да сол дала аруының айналасындағы дау. Жүгеріні қабылдап алатын компанияның алдында ұзын сонар кезектің тұрғанына төрт күн болыпты. Кем дегенде 50 шаруа қожалығы жиналған. Ең аз дегені 25 тонна жүгері алып келген. Көктемдегі ауа-райының қолайсыздығы, қазан айындағы жауын- жашын шаруаларға кері әсір еткен. Астықты уақытынан кеш орды. Салдарынан дәнде ылғалдық көп. Уақыт өткен сайын артып барады- дейді.
ЕРЛАН КЕНЖЕНОВ КӘСІПКЕР: «Кейбір жігіттер жүгеріні 19,21 влагамен алып кеп жатыр. Ол қазір көгереді үш күні болады тағы екі тұрса болды көгереді. Оны ертең алмайды, малда жемейді. Мысалы қазір 10 күннен кейін погода бұзылады, халық еріксіз оны шабады 21,23 ылғалдықпен болса да осында алып келіп өткізу үшін».
«Халық астық экспо» серіктестігі жүгеріні қабылдауын қабылдап-ақ жатыр. 6 мың тонналық екі бөшке толып тұр дейді. Ал дәнді кептіретін пеш , тәулігіне 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сағатына 25 тонна дала аруын кептіруге қауқарлы. Тек өнімді алып кетуге «Қазақстан Темір Жолы» рұқсат берсе тез арада барлығының өнімін қабылдап алар едік дейді.
САЯТ МҰХАМЕДӘЛІ «ХАЛЫҚ АСТЫҚ ЭКСПО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: «Бізге 72 вагон керек, негізі вагондар дайын тұр. Бізге сол тек сол, пәлембай тонна шығаруға болады деген рұқсат берсе болды».
Даудың басы тасымалдау кестесінен кешігуінен болып отыр. Бұған себеп ауа-райының қолайсыздығынан астық кеш орылды. Жағдайдан хабардар болған облыстық ауыл шаруашылық басқарма басшысы да келді. Жиналған жұртқа басу айтып, мәселе тез арада шешілетін жеткізді.
НҰРДӘУЛЕТ КЕНЕНБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Басқарма басшысының жауабы жүгерішілердің көңілінен шықты. Нұрлан Кененбаев алдағы уақытта шаруаларға өнімді өткізу бойынша кесте құруды ұсынды. Сонда ғана мұндай ұзын сонар кезек болмайды дейді.