Қазақстан суға қатысты мәселелерді мажарлық компаниялармен бірлесе шешпек. Себебі, олар бұл саланы толық автоматтандырған, жаңа озық технологиялар енгізген ел. 20 қарашада Будапештте халықаралық су форумы өтеді. Оған Қазақстан да қатысуға ниетті. Бұл туралы бүгін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуінде айтылды.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ «Біздің министрлік алдында атқаруы тиіс жұмыс көп. Жақында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады. Кездесуде қос мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Менің ойымша, мажарлық компаниялармен бірлескен жобалар осы бағыттағы нақты қадам болып қана қоймай, отандық су саласына заманауи және тиімді технологияларды енгізуге мүмкіндік береді»