Жаңаөзен қаласындағы көпқабатты үйдің тұрғындары “іргемізде бой көтеріп жатқан құрылыс, баспанамызға түсер күн сәулесіне кедергі келтірді”- деп наразылық білдірді. Кәсіпкермен келісе алмаған тұрғындар сотқа жүгініпті .
"Мен айттым 3 метр дегеніңіз қайда? Үйге тықтыңдар ғой. Көлеңкеден үйлеріміз қараңғы свет жақпасаң ештеңе көрінбейді. Оларға ескертілді. Бірақ жарық болады 3 метр қыламыз деп уәделерінде тұрмады"
Мәселе туындаған соң Жаңаөзен қалалық сотының судьясы мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары да келді. Олар екі тарапты да тыңдап, мәселені зерттеп көрмек болған. Алдымен тұрғындардың шағымын ескеріп көрді.
СЕМБІ КӨЛБАЕВ ТҰРҒЫН: «Сол кезде айтылды. Бізге қайда барсаң сонда бар, сотқа барсаңда мейлі деді. Біз амалымыз қалмай сотқа бардық. Мына жерде 1 этаж, ортасы 2 этаж болады деді сосын біз келістік. Ең басында салып бастағанда шағым түсіргенімізде Жансейіт Қайнарбаевтың өзі келіп осы жерде қабылдамаңдар деді ғой архитекторына. Застройщиктің өзі де тұрды сол жерде. Енді неге одан әрі жалғастырып салды»?
Құрылыс жүріп жатқан аумақ бұрын автотұрақ болған. Бұл маңда кәзір үш тұрғын үй бой көтерген.
НЕСІП ДАРГУЛОВА ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:«Мен бұл саланың маманы емеспін. Мамандарды қатыстырып отырмын. Бірақ менің ойымша бұл жерде заңбұзушылық орын алып отырған сияқты. Сіздер бүгінгі таңда көрші болып отырсыңдар. Егер өзара келісетін болсаңыз және ол жерде адам құқығы бұзылмаса мен оны бекітіп беруге қарсы емеспін. Қазір көріп кетемін сосын сот отырысын жалғастырамын одан әрі».
Құрылысты жүргізген кәсіпкердің өзі кездесуге келмеседе, өкілін жіберген. Үй ауласында басталған жиын ары қарай қалалық сотта жалғасты. Шағымданушылардың айтуынша сот отырысында мәселе түбегейлі шешілмеген, әлі де жалғасатын сыңайлы.