Қытай еліндегі талай мықтыны асау жамбасқа алған балуан, шаршы алаңдарда елі үшін маңдай терін төгіп, көк етін сөккен Солтікен Көкішұлын білмейтін қазақ жоқ шығар.Әйгілі спорт шебері 1952 жылы ҚХР Алтай қаласы, Қыран өзені бойында өмір есігін ашқан. Балуандығының бақ жұлдызы 1973 жылдан жана бастаған Сөкең өзінің күш-қайратының арқасында ШҰАР балуандар командасына қабылданып, дүйім жұртқа таныла бастаған ол қазақ ұлтының балуаны ретінде Шыңжаңның «Әйгілі адамдар кітабына» есімі енгізілген. Сондай-ақ Қытай мемлекеттік дене-тәрбие комитеті жағынан «Спорт саңлағы» деген құрметті атаққа ие болған. Күрес тарихында 16 рет аға жүлдегер болып «күрес патшасы» атанған құрыш білек, атан жілік азамат ортамыздан мәңгілік өмірге аттанған болатын. Өзі кетсе де,оның есімі халықтың жадында қалмақ. Ағайын-туыс бауырлары мен дос жарандары «Солтікен балуан» атты кітабының тұсау кесер рәсімін жасады.

ЖАМАЛИ ДИХАНҰЛЫ СПОРТ ШЕБЕРІ

ДОДИ ТҰРСЫНХАНҰЛЫ СПОРТ ШЕБЕРІ