"

Жедел жәрдем жұмысына өзгерістер енгізілмейді. Бұрынғыдай 24 те 7 тәулік бойы шақыртуларға барады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа  дұрыс ақпарат жеткізбеген деп ақталды бүгін денсаулық сақтау министрлігі. Айта кетейік, кеше Ашық порталға қаулы жарияланып, онда бұдан былай жедел-жәрдем қызметі төртінші санаттағы шақыртуларға таңғы сағат 9,00-ден кешкі сағат 18,00-ге дейін ғана барады. Сенбі түске дейін, ал жексенбі күні ауырсаңыз, мүлдем шақыра алмайсыз, демалыс делінген болатын. Осы құжатты көргендер бірден шу шығарып, әлеуметтік желіде депутаттар бар халық қалаулылары жаппай жазба жариялап, ашық қарсы шықты. 

АЙГЕРІМ ОРАЗАЛИЕВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел жәрдем қызметіне қатысты өзгерістерді қате түсіндіру жарияланды. Осыған байланысты біз түсіндіреміз. Бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек ала алады. Жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында 4-ші санаттағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық көмек көрсетудің алғашқы бригадалары тартылатын болады. Кешкі және түнгі уақытта, демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша азаматтар үшін ештеңе өзгермейді. Бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады».