Қазақстанның сыртқы саясаты үшін бітімгершіліктің маңызы зор. Бүгінде Голан жотасында Қазақстаннан 139 әскерилер бітімгершілік миссиясын орындап жатыр. Қорғаныс министрлігі сол Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлік ротасына инспекция жасады. Айта кетейік, алты ай ішінде қазақстандық бітімгерлер шекара маңындағы аудандарда 168 патрульдеу жүргізген. 18 рет БҰҰ персоналын алып жүрген, сондай-ақ 13 рет жарылмаған оқ-дәрілерді залалсыздандыруға қатысқан және 30 рет медициналық эвакуация жүргізген. Сонымен қатар жедел әрекет ету топтары оқиға орнына 102 рет барған. Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен инспекциялық топ қазақстандық бітімгерлік контингент орналасқан Фауар базасында болды.
АЗАМАТ СИСАТОВ ҚР ҚМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БІТІМГЕРШІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен қыркүйек айында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал, майор Жазықбаевтың басшылығындағы инспекциялық топ БҰҰ-ның Голан биіктігі миссиясына жұмыс сапарымен барып қайтты. Миссия аумағында аталған миссияның қолбасшылығымен кездесулер өткізіліп Қазақстан бітімгерлерінің күнделікті жаттығу жағдайлары таныстырылды. Қазіргі уақыттағы Таяу Шығыстағы ахуалға қарамастан Қазақстан бітімгерлері өздерінің жоғары кәсібилік деңгейлерін көрсетуде және күнделікті қызметтік тапсырмаларын жоспарлы түрде атқаруда».