Жетім балаларға жағдай жасалсын. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана беріліп, олар оқуын бітірген соң жұмысқа орналастыруға мемлекет көмек беруі керек. Өзім де жетімдер үйінде өстім, ішкі жағдайды жақсы білемін деген Сенат депутаты Генадий Шиповских көптеген жетім оқу орнынан кеткеннен кейін, болашақ өмірін қалай жалғастыру керек екенін білмейтінін айтты. Айта кетейік, 2022 жылы кезекте тұрған 61 471 жетімнің 852-сі ғана баспана алса, ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болған.
ГЕНАДИЙ ШИПОВСКИХ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бұл мәселені көтерудегі себебім өзім де ата-анадан ерте айырылып, жетімдер үйінде тәрбиелендім, бұл мәселелерді іштен көрдім десем артық болмас. Сондай-ақ ондағы жолдастарымызбен осы күнге дейін араласып тұрамыз. Онымен қоса менің атыма жетім азаматтармыздан көптеген өтініштер келіп түседі, олардың басым бөілігі жоғарыда айтылғандай баспана алу мен жұмысқа орналастыруға қатысты. Тағдыр тәлкегіне тап болған жетім балалардың тағдыры бәрімізді бей-жай қалдырмайды деп сенемін».