"
Алматы қаласында белгілі ақын, композитор, күйші Жүсіп Қыдыровтың шығармашылығына арналған “Жүсіпнама” атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани мазмұны терең, мәдени құндылығы жоғары бұл жинақ өнер иесінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын қамтыған.
Жүсіп Қыдыров 1937 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Талап ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, журналистика бөлімін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кездегі «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі ретінде бастап, кейінірек «Қазақфильм» киностудиясында дубляж бөлімінің аға редакторы, сондай-ақ «Жалын» баспасында аға редактор қызметтерін атқарған.
Жүсіп Қыдыров әдебиетке 1960-жылдардың басында келіп, алғашқы өлеңдері жас ақындардың «Жырға сапар» жинағында жарық көрді. Оның шығармаларында терең философиялық ойлар мен ұлттық рух көрініс тапқан. Ақынның «Мың бір күн» атты өлеңдер жинағы 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығына ие болды.
ӘЛІБЕК ШЕГЕБАЙ, АҚЫН
Тұсауы кесіліп,оқырмандарға жол тартқан еңбекте Жүсіп Қыдыровтың өлеңдері, әндері мен жарыққа шықпаған күйлері, сондай-ақ замандастары мен зерттеушілерінің естеліктері топтастырылған. Бұл туынды – ұлттық өнер мен мәдениетке сүбелі үлес қосқан тұлғаның шығармашылығын кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған маңызды еңбек. “Жүсіпнама” жинағы мың данамен жарық көрді.
АЯГӨЗ НҰРСҰЛТАН, КІТАП АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ, КҮЙШІ
Жүсіп Қыдыров — қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік қолтаңбасы бар шығармашыл тұлға. Оның поэзиясы мен музыкалық мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін құнды рухани қазына болып табылады.Өмірден ерте кетсе де,артына өшпес мұра қалдырған тұлғаның атынан алдағы уақыттары байқаулар өткізу жоспарда бар екен. Бұған дейін де Жүсіп ақынның дара жолы жайында деректі фильм түсіріп, көрменнің назарына ұсынған аға буын өкілдері қолдан келгенше насихат жұмыстарына ат салысып келеді.
БАҚТЫБАЙ АЙНАБЕКОВ, Ж.ҚЫДЫРОВТЫҢ БАУЫРЫ, АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ