Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында қылмыстық сот төрелігі саласына, оның ішінде пробация қызметтерінің қызметіне заманауи технологиялар белсенді енгізілуде.Бақылау жұмысындағы тиімді құралдарының бірі- электронды білезіктер.Білезіктердің маңыздылығы қандай.Толығырақ тілші бейнематериалда.
Пробация қызметінің аясында электронды білезіктер сотталған адамдардың қадағалауын күшейту үшін қолданылатын технологиялық құрал болып табылады. Бұл құрылғылар сотталған адамды бас бостандығынан айырмай, қоғамда қалуына мүмкіндік бере отырып, қадағалауды күшейтудің тиімді жолы.
ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМАҒОЖАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазіргі таңда Алатау ауданы пробация қызметінде 700-ге жуық сотталған есепте тұрады, соның ішінде 35 сотталғанға электронды білезік тақтық. Білезікті тағу себебіміз қылмыстың азаюына пайдасын тигізеді. Болашақта Алматы қаласына 300-ге жуық электронды білезіктерді алдырту жоспарда бар. Осы цирлық жұмыс арқылы, электронды құрылғылардың көмегімен сотталғандардың жүріс тұрысын бақылап отырамыз.Элоктронды білезіктің өзінде ID номерлары тұрады, осы ID номерлар компьютер құралына тіркелген содан бақылап, әрбір сотталғанды осы ID номер арқылы жүріс тұрысын анықтап отырамыз».
Пробациялық қызмет – бұл сотталған адамдардың қоғамға қайта бейімделуіне көмектесетін және қылмыстық әрекеттердің қайталануын болдырмауға бағытталған қылмыстық-атқару жүйесінің бөлігі. Құрылғының негізгі мақсаты – сотталған адамдарға қоғамда өмір сүруге мүмкіндік бере отырып, оларды қайта тәрбиелеу арқылы қылмыстық әрекеттердің алдын алу.
АЙДАНА ӨМІРХАНҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ «Бүгінгі таңда Алатау ауданы пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар саны бойынша Алматы қаласы аудандары арасыннда Алатау ауданы алдыңғы қатарларда тұр.Қазіргі таңда Алатау ауданы пробация қызметінде 700-ге жуық тұлға есепте тұр. Оның қазіргі таңда 35 тұлғаға қатысты біз браслет таққанбыз.Алатау ауданы прокуратурасы, Алатау ауданы пробация қызметін әрдайым назарда ұстап және осы қызметті заңдастыру мақсатында іс-шаралар жүргізуде».
Жалпы алғанда, пробация қызметі мен электронды білезік бір-бірін толықтырып, қылмыстық-атқару жүйесінің гуманизациясын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылғы сотталған адамдардың қоғамға қайта оралуына және болашақта қылмыстық жолға түспеуіне ықпал етеді.