Оралда 85 жастағы кейуананың 3 млн теңгеден астам ақшасын үйін баса-көктеп кірген ер адам тартып алып кеткен. Жинап жүрген қаражатын рубльмен сақтаған қария қылмыс туралы тәртіп сақшыларына жедел хабар берген. Осылайша жәбірленуші қарақшыны ұстауға өзі көмектесті. Ол, 32 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Күдіктінің бұрын да алаяқтық, ұрлық, тонау сынды қылмыстар жасағаны анықталып отыр. Зейнеткерден тоналған ақша жартылай тәркіленді.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ