Израиль әскерилері түсірген бұл кадрлар жауынгерлік қимылдардың қарқындылығын көрсетеді. Израиль әскерлері Газаға қарай жылжуда. Әскерилер Хамас партизан соғысын қатаң жүргізіп жатыр дейді. Израильдік бір генералдың айтуынша,содырлар жақсы дайындалған.
Хамас жариялаған осындай бейнелер, сондай-ақ басқа да қарапайым азаматтардың айғақтары содырлар көрінбей, жоғалып кету үшін туннельдер желісін пайдаланады деп болжауға мүмкіндік береді. Израиль күштерінің нақты орналасқан жері, сондай-ақ екі жақтан да шығыны әлі белгісіз. Хамас басқаратын денсаулық сақтау органдарының мәлімдеуінше, Газада қаза тапқандар саны 9000-нан асты. Ал Газа аймағының оңтүстігінде Израиль адамдарға солтүстіктен қашып кетулерін айтса, әуе шабуылдары мен артиллериялық атыстар онсыз да ауыр жағдай туғызып отыр.
Мұнда антисанитария мен кәріздің жоқтығынан эпидемия қаупі артып келеді. Израиль Газаға электр энергиясы мен отын жеткізуге тосқауыл қойып, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің аз ғана бөлігін өткізіп жіберді. Бастапқыда 7 қазаннан кейін ол су беруді де тоқтатты, бірақ кейінірек оны оңтүстік аудандарда қалпына келтірді. Дегенмен, сорғылар мен тұщытқыш қондырғылар электр қуатының жоқтығынан ажыратылған. Адамдар от жағып, тамақ дайындау үшін отын жинайды. Бейсенбі күні Израиль әскерилері Газаның оңтүстігінде азаматтық тұрғындарға арналған далалық госпитальдар құру туралы медициналық мекемелермен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Алдымен жараланғандар үшін, содан кейін мамандандырылған көмек көрсету үшін. Газадағы 35 аурухананың үштен бірі енді жұмыс істемейді.