Қызылша – жұқпалы аурулардың бірі. Жыл басынан бері Ақмола облысында қызылша жұқтырды деген күдікпен 75 жағдай тіркелген. Оның 55-і зертханалық жағдайда расталды. Айта кетейік, сырқаттанғандардың дені ауруға қарсы екпе салдырмаған. Ақмола облысында аурудың күрт өсуі қазан айында байқалған. Соңғы бір аптаның ішінде 15 жағдай тіркелген. Алдағы аптамен салыстырғанда 1,3 есеге өскенін байқауға болады.
СЕРІК ОМАРХАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Астрахан ауданында бір отбасыдан 6 адамның қызылша ауруымен ауырғаны тіркелген. Оның төртеуі 14 жасқа дейінгі балалар. Эпидемиологиялық тергеу кезінде ауырған балалардың қызылшаға қарсы екпе алмағаны анықталды. Оның басты себебін ата-аналары жиі көшіп-қонудың салдарымен түсіндірді. Дәл осындай жағдай Бұланды ауданында да қайталанып отыр. Барлық науқас вакцинация алмаған. Алтауы да діни нанымдарға байланысты екпе салдырудан бас тартқан. Диагноз клиникалық түрде анықталды».