"

Акустикалық гитара дыбыстарымен тыныштандыратын бесік жыры.Балалардың жүрек соғысын тұрақтандыруға көмектесетін мұндай әуендер Квинсленд балалар ауруханасында науқас сәбилерге ойналады.

РУБИ ДЖЕЙД КАРСОН НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: «Ол өзін жақсы және еркін сезінеді. Оңай ұйықтап қалады. Өте тыныш».

Мына нәрестенің дүниеге келгеніне екі ай, екі апта болды. Оның жүрегінде ақауы бар. Оған музыкалық терапияны бір айында бастады.

РУБИ ДЖЕЙД КАРСОН НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: «Оның жүрек соғысы әлдеқайда тұрақталды».

30 жылдан бері осы аурухананың дәліздерінде терапевттердің орындауындағы тыныштандыратын әуендер естіліп келеді. Дәрігер Жанетт Кеннелли бұл әдісті алғаш қолданғандардың бірі.

ЖАНЕТТ КЕННЕЛЛИ МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПЕВТ: «Мен ескі Корольдік клиникалық балалар ауруханасында студент ретінде тәжірибемді шыңдаған едім».

Кеннелли қазір клиниканы басқарады.Биылдың өзінде ол музыка терапиясы арқылы 750 кішкентай науқасқа көмектесті.Көптеген бала үшін бұл жай ғана сенімділік емес, хоббиге айналды.

ЛИ СМИТ НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: «Эви музыкаға ғашық болды және жақында, соңғы төрт айда біз үйде гитарадан сабақ ала бастадық».

Эви Смит – муковисцидозбен ауыратын тоғыз жасар науқас. Ол үнемі ауруханада болуы керек.Қазір бұл музыка сабағымен ұштасады.

ЛИ СМИТ НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: «Ол процедураларға назар аударуды қойды, палатада тыныштық орнады. Оның күлімсірегенін көру бір ғанибет».