Алматы облысының Кеген ауылында 30 отбасы қоныстойын тойлады.
Жаңадан салынға 30 тұрғын үйдің кілті кезекте тұрған көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджеттік қызметкерлер және 1-2 топтағы мүгедек жандар және жалғыз басты аналарға табыс етілді.

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Айта кетейік, аудан бойынша барлығы 459 аудан тұрғыны үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен  отбасылар – 163, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар – 32, көп балалы отбасылар – 123, апатты жағдайдағы үйлер – 6, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер – 135.