Ел арасында қылмыстық топтың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаев ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді. Бірақ бұл іс талғарлық жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты емес. Хасан Қасымбаев 2021 жылы А. есімді  азаматты ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен  уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жалғасып жатыр.Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілген.