"

Кез-келген мемлекеттің басты міндеті – патриоттық тәрбие. Батырлардың ерліктерін насихаттау, сондай-ақ «Еңбек ерлерін» үлгі ете отырып, жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Осы мақсатта Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейінде іс-шара өтті. 

Қазіргі жастардың бойында патриотизмді қалыптастырудың құрамдас бөлігі – өз еліне деген сүйіспеншілік. Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің ІІІ Конференциясының мақсаты – жоғалған дәстүрлерді жаңғырту, өскелең ұрпақтың бойына өзара сыйластықты тәрбиелеудегі жұмысына қолдау көрсету, патриоттық тәрбие беру.

ҚАЙРАТ БЕК ШАДИЕВ, №178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ

Іс-шарада «Халық қаһарманы», «Қазақстанның еңбек Ері» жоғары атағын  алған тұлғаларымыз төбе көрсетіп, оқушыларға ізгі ниеттерін, елін сүйген ұрпақ болуға, сонымен қатар өздерінің жүріп өткен жолдарын жас ұрпаққа тебірене жеткізді.

БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВ, ҚР ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ; «Әрине батырлық тәрбиелеу,біздің парызымыз, сол себептен келіп, қуанып жастарға риза болып жатырмыз.Осындай мектепте көбейсін,білім беретін көп болсын.Себебі біз қазақ елі 9 орын алсақ, соны гүлдету жайнату  кімнің- болашақ жастар.  Бірақ  әр проблема болса, оны шешу-бірлікте. Сол себептен осы білім беріп жатқан мұғалімдерге бас иемін.»

Әр қазақстандық Отанын шын сүйіп, халқына қызмет етсе, елімізді қорғау парызым деген адам -нағыз патриот.Ұлттық құндылықтарымызды ана тілін, тарихын, салт-дəстүрін жетік білетін, құрметтейтін, жанашырлық, сенімділік, намысшылдық секілді мінезді бойына сіңірген ұрпақты қалыптастыру арқылы ғана əлемдік деңгейге көтере аламыз диді Халық қаһарманы.