Күллі Түркістандықтарға күйе жақпаңыз. Түркістанның тұрғындары ата-баба салтын сақтайтын, ардан аттамайтын халық. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде есеп берген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзіне сұрақ қойған тілшіге қарата осылай деді. Айта кетсек, журналистердің бірі әкімнен «неге өңірде зорлық-зомбылық пен ұрлық, кісі өлімі көп» деп сұрақ қойған болатын. Алайда, шаһар басшысы бұл пікірмен үзілді-кесілді келіспеді.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Страшный происшествие деп сіз айтқаныңыз бүкіл өңірде болып жатыр. Сіздің айтқаныңызбен мен 100 пайыз келіспеймін. Бұл қате. Біздің түркістандықтарға ондай баға беруге ол дұрыс емес. Түркістандықтар ежелден ата-бабасының салтын сақтап келген тұрғындар. Статистиканы кім жазды, кім айтты бос сөз. Ондай дамығын елдерде болып жатыр. Күллі түркістандыққа күйе жаққан дұрыс емес деп есептеймін. Егер статистикаға қарайтын болсақ, біз бірінші орында емеспіз, біз төменгі жақтамыз».