"

Алдағы екі жылда елімізде 740 орындық яки, 369 жайлы мектеп салынады. Осылайша апаттық және ауысымды мектеп проблемасы шешіледі. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға өседі. Бұл туралы жылды қорытындылап, есеп берген еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев айтты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Елімізде орта білім беретін 22 мыңнан аса ұйым тіркелген. Оның 11 мыңы балабақша болса, 8 мыңға жуығы мектеп, сегіз жүздей колледж бар. Бұл білім беру ұйымдарында 7 млн бала білім алып жатыр, оларға 500 мыңнан аса педагог тәлім-тәрбие береді. Сондықтан, бұл ауқымды жүйе қашан да Президенттің тікелей өз назарында. Биыл жаңашылдықтар көп. Жаңа мектептер ашылып, олар толық заманауи стандартта жабдықталды. Ал, балабақшаға кезекке қою толық автоматтандырылып, жаңа жүйе пайда болды.

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Бұған дейін еліміздегі 9 өңірде ғана оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылып келсе, 1 қыркүйектен бастап 1. 4 млн бастауыш сынып пен 5- 11 сынып оқушылары екі жүз мың әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Биыл ел бойынша 132 орынға арналған 154 мектеп ашылып отыр. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектептің 32 тозығы жеткен мектептің проблемасын шешуге ықпал етіп отыр».

Жаңа жылдан бастап студенттер үшін жағымды жаңалық. Биыл Президент тапсырмасымен студенттер шәкіртақысы 50 пайызға артқан болатын, енді келер жылы тағы 50 пайызға өседі. Ал, ғылымды қаржыландыру келесі жылы да жалғасын табады.

САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: «Ғылымды қаржыландыру 3,5 есеге өсті. Қазіргі таңда келесі 3 жылға 643 млрд теңге бөлінді. Биыл 1 желтоқсаннан бастап мыңға жуық жас ғалымдарға баспана механизмі де басталып кетті».

Айта кетейік, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңмен шешіліп келеді. Бүгінде 17,5 мың орын тапшылықты құрап отыр. Енді алдағы жылдары жеке-меншік әріптестік негізінде студенттер үйі салынатын болады. Осылайша 2025 жылға қарай бұл проблема толықтай өз шешімін таппақ.