Жүргізушілер назарына! Бұдан былай Сергек камералары жаяу жүргіншілерге жол бермейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба бүгіннен бастап Алматыда іске қосылды. Егер, сәтті болса, кезең-кезеңімен Қазақстанның барлық қалаларында жұмыс істей бастайды. Автокөлік иесі жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса айыппұл арқалайды.
АҚТОТЫ БОРАНОВА ҚР ІІМ ӘПК ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: «Талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдың 11 айында автокөлік дөңгелектерінің астында 556 жаяу жүргінші қаза тапты, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде. Тіркелген бұзушылықтар айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама түрінде рәсімделіп ол көлік иесіне жіберіледі. Аталған жүйе пилоттық жүйеде жүргізушілер мен алдыңғы орындықтағы жолаушылардың қауіпсіздік белдігін тағу қағидаларын тіркейтін болады».