Алматыда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиынға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференцияда еліміздегі детектив жанрының дамуы мен ерекшелігі, «Қазақ детективінің атасы» атанған жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер мен тың тұжырымдар талқыланды.
МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Детектив жанрындағы Кемел Тоқаевтың орны осы конференцияда жан-жақты айтылды. Сөйлеген азаматтар, ғалымдар, жазушылар ол кісінің шығар шығармашылық ерекшелігін, шеберлігін және өзінің жандүниесін қазаққа деген ықыласын, махабаттын өте әдемі айтып берді. Бұл кісінің шығармаларының бес томдық кітабы 2021 жылы шыққан. Сол бес томдықтың зерттеу жағы әлі кемдеу. Қай шығармасы қандай деңгейде, қалай жазылған бұның барлығы Қазақстан жазушылар одағының және қолына қалам ұстағандардың міндеті деп ойлаймын».
Сондай-ақ қатысушылар назарына Кемел Тоқаевтың шығармашылығынан сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылды.