Бұдан былай қазақстандық полиция қызметкерлері жаппай мәдениеттілікке, ойын сауатты жеткізуге арнайы оқытылатын болады. Бакалавриат, магистратура, докторантураға шешендік өнер сабағы пән ретінде енгізіледі. Бұрын мұндай міндет болмаған. Мақсат: білікті кадр дайындау.
ЛӘЗЗАТ АМАНОВА ҚР ІІМ КАДР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ВЕДОМСТВОЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: «Қазіргі полиция қызметкерінде ойды сауатты ұсыну, интеллектуалды қабілеттер, ойлау мәдениеті, халықпен қарым-қатынас дағдылары және басқаларын қамтитын кәсіби құзыреттердің кең жиынтығы болуы қажет».