Ең қауіпті болып саналатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы Қызылорда қаласының әкімшілік аумағында тұр. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы 13 жағдай тіркеліп, оның  1 жағдайы клиникалық және зертханалық тұрғыда расталған. Бұған басты себеп қойылған ережені елемегендіктен дейді мамандар.

Қызылорда облысының «Байтерек», «Әл-Фараби» мөлтек аудандары мен Тасбөгет, Белкөл кенті, Абай, Баймұрат батыр сынды 12 орын қауіпті делініп, есепке алынған. Қазіргі уақытта аталған жерлердегі шаруа қожалықтары мен мал қораларға кенеге қарсы жұмыстарды бастау жоспарлануда.

ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ 

 Көктемгі кенеге қарсы жасалынатын жұмыстар 10 сәуір мен 23 сәуір аралығында басталмақ. Залалсыздандыру жұмысына арнайы «Дельтаметрин» препараты мен мал қора-жайларға арналған «Ципэк» препараты қолданылмақ.