Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа орталықтың құрамына 10 инновациялық зертхана кіреді және олардың қызметі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. 
          
Орталықтың ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, РФ Ғылым және жоғары білім  вице министрі Константин Могилевский, Қазақстан және Ресей ЖОО Ректорлары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев, ғалымдар, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты.Орталықтың негізгі мақсаты – қоршаған ортаның жаһандық өзгеруі жағдайында табиғат пен қоғамның өзара іс-қимыл заңдылықтарын анықтау, Қазақстан өңірлерін тұрақты дамыту мақсатында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша жасыл технологияларды әзірлеу және енгізу. 

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ

Ғылыми орталықтағы  10 зертхана климат және модельдеу, цифрлық картография және қолданбалы геодезия, су ресурстарының сапасын талдау, геодезиялық және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, топырақ экологиясы, қоршаған ортаны бақылау, экологиялық қауіпсіздік салаларын зерттеу мақсатында ашылған. 

ӘЛИЯ АҚТЫМБАЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

Заманауи құрылғылармен жабдықталған топырақ экологиясы зертханасының басты мақсаты өндіріс ошақтары орналасқан аумақтардағы ластану дәрежесін дер кезінде анықтап тиісті шаралар қолдану.

БАТЫРГЕЛДІ ШЫМШЫҚОВ, ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Шара барысында қонақтар білім ордасында күні кеше тұсауы кесілген Қытай-Қазақстан бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасының жұмысымен де танысты.