Кофе түрінде пластикалық капсулаға жасырынған ірі анаша тасымалдаушылардың жолы кесілді. Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокайн арнасына тосқауыл болды. Оңтүстік астанада жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді. Ол кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған. Бұдан әрі қазпошта бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 кг есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды, оның ішінде 0,5 кг кокаин және 400 грамнан астам экстази болған. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ ҚР ІІМ ЕҚҚД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ұсталған адамға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Күдікті қамауға алынды. Елге кокаин жеткізу арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді».