Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр кентінің тұрғындары уақытылы тазаланбайтын кәріз жүйесінің кесірінен жағымсыз иіспен дем алуға мәжбүр. Тез толып қалатын кәріздегі қалдықтар сыртқа шығып, аулаға жайылады.
Красный яр кентінде орналасқан Целинная көшесінің тұрғындары қолқаны қабатын иіске шамданды. Оған аталған көше бойында орналасқан 58-ші және 60-шы үй иелері кінәлі көрінеді. Яғни, екі күн сайын шақыртылуы тиіс арнайы машинаны аптасына 1 рет қана шақыртады екен. 7 күннің ішінде кәріз толып, барлық қалдық сыртқа шығады. Тұрғындар көршілерімізді тазалыққа шақырудан шаршадық,-дейді.
БЕРІК СӘКЕНОВ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бесполезно. Олар жинамайды. Потому что, мына үй мысалы үстінде тұр. Мына үй тоже возвышенносьтта тұр. Анау септик құйылғанда мына жерге құйылады. Толғанда бізге қарай кетеді. Олардың нелері бізге қарай кетеді. Засыпка қылғанбыз. Біз төмен тұрғасын олардың нелері бізге келеді постоянно. Біз постоянно акиматқа барамыз,айтамыз».
Бұл проблема кеше пайда болған жоқ. Түйіні жоқ мәселеге 32 жыл болыпты.Тұрғындар әсіресе, көктем, жаз айларында қиналамыз дейді. Жергілікті әкімдікке де, облыс басшылығына да талай барған. Бірақ, жоғары билік өкілдері бұл мәселеге тек биыл назар аударған.
АМАНГЕЛДІ БАЯЗИТОВ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Көкшетау құрылыс бөлімінің мамандарымен сөйлескенде ол кісі айтты жоба істелініп жатыр. Жоба істелінгесін мемлекеттік экспертизадан өтеді. Содан кейін бюджеттік өтінім беріледі. Қаражат бөлінуге. Деп осы қазіргі кездегі біздің білетін мәліметіміз осы. Енді бізге амал қалмайды. Қалалық эпидемиологиялық станциясының мамандарын шақыртып. Бұл кісілерді кішкене тәртіпке шақырамыз деген ойымыз бар».
Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ал, көршілерінің ауласын нәжіске толтырып, жәйбарақат жүрген тұрғындарға қатысты шара қолданбаса болмайды,-дейді. Бұл мәселе де алдағы уақытта шешілуі тиіс.