Бұдан былай аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға «Мектепке жол» акциясы аясында бөлінетін ақша сол баланың ата-анасының жеке шотына аударылады. Бірақ, талап – қажетті құрал-жабдықтарды сатып алғаннан кейін оны растайтын құжатпен есеп берілу керек. Әрбір білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға деп бөлінген қаражат сомасы 43 407 теңгені құрайды. Ал, материалдық көмекті алу үшін баланың ата-анасы мектеп директорының атына өтініш жазса болады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.
НАСЫМЖАН ОСПАНОВА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Материалдық көмек киім кешек, мектеп формасығ аяқ киім оқу құралдарын сатып алу үшін бөлінеді. Осы мақсатта әкімдіктер 500 мың баланы мектепке даярлау үшін қаражатты бөлді. Соңғы үш жылда материалдық көмек көлемі 2,5 есе, яғни 17 мыңнан 43,5 мың теңгеге дейін өскенін атап өтті. Қазірге дейін 77,8 мыңнан астам баланың ата-анасы немесе заңды өкілінің есепшотына қаражат аударуды бастады».
Айта кетейік, бүгінде ата-аналардың шоттарына 3,4 млрд теңгеден астам қаражат аударылған, оның аясында 78 мыңға жуық бала қамтылады.