Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты «Шаңырақ-1» ықшам ауданындағы Қосағаш көшесінің тұрғындары шұрқ-тесік жолдан әбден мезі болған. Тұрғындар жергілікті әкімшіліктің табанын айлап тоздыраған. Бірақ шыққан нәтиже жоқ. Қажыған жұрттың назын тілшіміз Ақтолқын Тұрлығазы жеткізеді.
«Бұрқыраған шаң, ойлы- тесік жол» дәл осылай деген тұрғындар жол азабын 3 жылдан астам уақыт тартып келеді. Жолдың жоқтығынан жедел-жәрдем көлігі де көшеге кіре алмайды. Ата-аналар әр маусым сайын аяқ киім алудан жалықанын айтып ашуға булықты.
«Әкімдікке мың рет бардық. Өзіне де барғанбыз Азамат Бескемпірұлына. Ол кісі осы Қосағаш, Қоғалы көшелерінде жиналып, өзінің талай үәделерін айтып-айтып бәрін күшті, керемет қыламыз деп кетіп қалды. 3 жылдың алдында бізде жылтырағын асфальт болған, сол асфальтті қайтарып берсін. 0505 бала шаға бар, олардың барлығы мектепке бара алмайды.Батпақ болғанда бес еліғой, пакетпен барады».
«28 күнен кейін мектеп басталады. Біздің мұңымыз балаларымыз ертең жаңбыр жауса, аяқтарына қайта-қайта етік алу керек болады. 3 жыл бойы көрген азабымыз осы. Жаңбыр жауғанша асфальт төсеп берсе дейміз. Жаңа Қазақстан дейді Жаңа Қазақстанды көріп тұрғаным жоқ».
«Менің үйімде қазір 72-келген апам бар. Осы қысымен скорый шақырамын, скорый келмейді осыған. Мен келіп анау жерден күтіп аламын. Талай алып келіп, сүйтіп мінгізіп жібердік. Кірмейді ішке. Білмеймін біздің көшеміздің не жазығы барын соншама».
АҚТОЛҚЫН ТҰРЛЫҒАЗЫ ТІЛШІ: «Міне біз Қосағаш көшесінде тұрмыз. Ойлы-шұңқыр жолдан мезі болған жұрт ықшам ауданындағы мәселе көп дейді. Екі күннің бірінде жарық өшсе, кәріз құбыры тартылмаған. Жаңбыр жауса батпаққа белуарада батып жүр».
ЕГЕУБАЕВ АЙТМҰҚАШ ТҰРҒЫН: «30 жыл осында тұрамын. 30 жылда не конализация не суы жоқ, не сливі жоқ не жолы жоқ. Жолы қайда, асфальті қайда, әлі күнге сұраймыз, басқа жерден айттығой жаңа».«30 жыл бұрын флягпен су тасыған едік, енді соған келіп тұрмыз қайтадан.Артезиянаннан тасып отырмыз. Ана ағашты кесіп берсін. Көмекттесін қиуға. Неге десеңіз, құласа монша да ағаштар да кетеді. Көршінің үйі де кетеді».«Әкімдіктегі ағалар, біздің Ақжол көшесіне асфальт салып беріңіздерші. Жаңбыр жауса аяғымыз батпақ болады».
Қараша халықтың мұңын мұңдап Алатау ауданының әкімдігіне бардық. Жергілікті билік жолдың жырын жақсы білеміз деп отыр.
САПА ҚУАНЫШҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Қалалалық әкімшілік тарапынан энергерика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырыс беру бойынша, мердігер компания Сапа құрлыс 2007 мекемесі қазір инженерлік желілері жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Аталған жұмыс аяқталуға жақын қалып, қазір «Алматы су» мекемесіне баланысына беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баланысқа берілгенен кейін, қалалық мобильді басқармасы тарапынан жолдың орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Ағымдағы жылдың, қыркүйек, қазан айларына дейін кәріз, жол сұрақтарын шешу жоспарлануда».
Атқамінерлер жол жөндемес бұрын кәріз жүйесі мен су қосылу керек дегенді алға тартты. Бізге берген жауабында, жыл соңына дейін кәріз желілері мен жол жөндеу жұмыстары шешілетініне уәде берді.