Жас ұрпаққа өмірлік азық болар біліммен қатар,олардың жан жақты дамып,жеке тұлға ретінде қалыптасуын қадағалауда ұстау білім ошақтары үшін басты мақсат. Мамандық таңдауда бағыт беру үшін Алматы қаласы Алатау ауданы нөмері 169 мектеп -лицейінде кәсіби бағдар жүргізу мақсатындағы шеберлік сағаттары өтті. Толығырақ әріптесім тарқатады.

Оқушының дүниетанымы мен қызығушылығын кеңейте отырып,белгілі бір кәсіпке, мамандық таңдауға бағыт беретін бұл шеберлік сыныптары оқушының бейімділігіне қарай жүзеге асады. Оқушы, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс үйлесімін тапқан. Білім ошағы Алматы қаласындағы  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен,Алматы мемлкеттік бизнес колледжімен меморандумға отырған. Байланыстары өте тығыз артып   аптасына бір күн оқушыларға өздерінің мамандықтарын насихаттайды. Педагогикалық сынып жобасы қарқынды жұмыс істеуде.   

ПАТШАГҮЛ АЛМАҒАМБЕТОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ,АЛАТАУ АУДАНЫ № 169 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

ТОЛҚЫН ЖАНҒАЗИЕВА АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Шеберлік сыныптары аясында ерте жастан кәсіптік бағдар беру тәжірибесі бойынша бастауыш сынып оқушылары Мен кім болам тақырыбында эссе жазып, бейнелеу өнері арқылы болашақ мамандықтарын қағаз бетіне түсірді. Осы арқылы баланың ерекше қабілеті анықталып,мамандық таңдауға көмек беріледі. 

МАДИНА ТӘЙТЖҰМА 11- СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

АҚНҰР АСҚАРБЕК  10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 

Бұл атқарылып жатқан еңбектің барлығы Еліміздің ертеңі жастардың нағыз маман иесі атанып,еліміздің дамуына зор өз үлесін тигізетін азамат болып қалыптасу жолындағы қарқынды жұмыс.