Маңғыстауда Баянды ауылының тұрғындары ауыз суға зәру. Тасып ішкен ағайынның қалтасы едәуір қағылған. Жаз бастала сала ақ су мәселесі орын алатынына 3-4 жылдың жүзі болған.
Үлкен насос қоюға болатын шығар? Мен жобаны өзгертпеймін. Онда халықты шырылдатып отыра бер күнде! Мына жер саған су керек.
Ауыз су үшін тартылған құбыр қаңсып қалған. Құбырдан қайран болмаған соң қараша тіршілік нәрін сатып алуға мәжбүр.Ал субсидияланған су құны – 5 текше метріне 2700 теңге. Кезекпен берілетіндіктен мұның өзі халыққа жетпейді.
АЛТЫНШАШ АРАЛОВА БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Лично өзімнің үйіме құбырмен су бармайды ешқандай. Кеше осы 2-3 күндікте осы водокачкаға келіп айқай шығарып едік, бір күн ақты. Бүгін Баянды 1-ге ағады деді. Мен келгенімде Баянды 1-ге қосылды сіздің линияңыз деді маған. Мен бардым, барғаннан кейін су ақты».
ВЕНЕРА ЖЕТКЕРБАЕВА БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Жылда жазда бізде судың айқайы. Көршілердің бәрі су ақты ма деп жүреміз. Әкім, орынбасарлар неге қарамайды? Иә, дейді де аптадан соң ауруы тағы басталады. Шешіп берсін»!
БАЛТАБАЙ БОРАНБАЕВ БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Су біздің жетпейді. Бір күні 2 сағат, бір күні 1 жарым сағат ағады. Бұлардың өз машиналары тасып үлгермейді. Жеке машина өз бағасын қояды».
Ауылда 1300 түтін, 8 жарым мың халық қоныстанған. Норматив бойынша ауылға мың текше метр су жеткілікті. Су тұщыту зауытынан 1200 текше метр су келіп тұрғанымен, оның өзін мамандар жетпейді деп отыр. Себебі кей азаматтар ауласына 8 текше метрлік құдық қаздырыпты. Ауылдың басындағылар сол құдықты толтырып аламыз деп жүргенде, өзгелеріне жетпей арты дауға ұласады екен.
НАДЫРХАН ҚЫЛЫШМАҒАНБЕТОВ «МАҢҒЫСТАУ ЖЫЛУ» МКК ДИРЕКТОРЫ
«Нашар болу себебі 4 көшенің басындағы адамдар алып отыр. Бүкіл ауылға кететін суды. Олар өздерінің құдықтары толғанша отыра береді. Егер су жүйелері дұрыс тартылса, тіке үйге барып тұрған болса, керегін қолданып басқа кезде жапса 24/7 сағат су бере аламын. 1 мың текше метр жетеді. Жоба солай жасалған».
«Су тұщыту зауыты алдағы уақытта өнім көлемін арттырады. Сол кезде мәселе туындамайды»,- деп сендірді жергілікті әкімдік.
БЕКТҰРЛЫ ЫБЫРАЕВ БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ «Мембрананың қуаттылығын күшейту керек. Шешемін табуға келетін мәселе осы. Алдағы уақытта 1-1,5 текше метрге көтеруге уәде берді. Құйылыстан алатын суды алда көтеру жоспарланып отыр. Сонда су өндіру де көтеріледі».
Осылай деген жергілікті атқамінерлер мәселенің шешілетін уақытының алыс еместігін айтты. Келесі аптада кенезесі кепкен қарашаны қуантамыз деп уәде берді.