Маңғыстауда экология заңын бұзғаны үшін мұнай мекемесіне айыппұл салынды. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы "Жалғызтөбемұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылдың 1-ші және 11-ші қаңтар аралығында мұнай және ілеспе газ өндіруді рұқсатсыз жүзеге асырған. Заңбұзушылық табиғатты қорғау прокуратурасымен талдау жұмыстарын жүргізу барысында анықталыпты. Компанияға бұл заңсыз әрекеті үшін айыппұл салынды.
НҰРЛАН ОРАЗБАЕВ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: «ҚР ӘҚБ кодексінің 328-ші бабымен жауапкершілікке тартылды. Айыппұл соммасы 7,8 млн. Қазіргі таңда Табиғатты қорғау прокуратурасымен экологиялық заңының талаптары бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде».