Уақытша орналастыру орнын паналап отырған Оралдық тұрғындар бас көтерді. Оған себеп жатақхана жағалаған халықты тұрып жатқан орындарына жаңа оқу жылына қарсы «жөндеу жұмыстарын жүргіземіз» деген желеу.
Су тасқыны кезінде тұрғылықты мекенінен айырылған халық шиеттей балаларымен бірге қайда барарын білмей әлек. Қолдарында үй беру туралы комиссия шешімі болғанымен бірақ кілті әлі қолдарына тие қоймаған. Айтуларынша, жатақхана басшылығы ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізбек.
АЛЬМИРА ТӨЛЕГЕНОВА ТҰРҒЫН «Мыннан шығып кеткенде қайда барамыз.Қаңғытатын жағдай жоқ қазір деген».
АҚТОЛҚЫН ҚАБИЕВА ТҰРҒЫН «Ешқандай көмек көрсетіп жатқан жоқ.. бір несін айтсаңыздар».
Жағдайды алға тартып жатақхана басшылығын жағаладық. Сұқбаттан бас тартып, әкімдікке жол сілтеді. Ал әкімдік өкілдері болса «бұл тек ұсыныс ретінде айтылған нәрсе, үйдің кілтін алғанша ешкімнің уақытша орналастыру орындарынан қуып шығуға құқы жоқ» деп отыр.
ДАНИЯР ОСПАН ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ «Енді ол жерде 5 айдан бері ондай мәселе туындап тұрған жоқ».
Қазіргі уақытта уақытша орналастыру орындарын 170 отбасы паналауда, оның 131-іне үй беру туралы комиссия шешімі шыққан.