"
Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №207 мектеп-лицейінің оқушылары "Кітап оқитын ұлт" республикалық кітап оқу марафонына қатысып жатыр.
Аталған бастама оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, көркем әдебиет арқылы олардың білім көкжиегін кеңейтуге және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Марафон аясында мектеп оқушылары арнайы ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша шығармаларды оқып, олардың мазмұнымен танысады. Оқу барысында білім алушылардың шығармаларды түсінуі, өз ойларын қалыптастыруы және оқыған кітаптары бойынша пікір білдіруіне басымдық беріледі.
Мектеп ұжымының айтуынша, мұндай жобалар оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сөздік қорын молайтып, сыни ойлау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
"Кітап оқитын ұлт" марафоны аясындағы жұмыстар мектепте оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға және тұрақты кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралармен жалғасады.
