"
Ұстаздар күніне орай №207 мектеп-лицейінде білім алушылардың мұғалім еңбегіне деген құрметін арттыруға бағытталған "Ұстазға мың алғыс!" челленджі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары ұстаздарына арнап жүрекжарды тілектерін білдіріп, олардың білім беру мен тәрбие үдерісіндегі еңбегіне ризашылықтарын жеткізді. Оқушылардың ізгі тілектері мен алғыс сөздері ұстаз еңбегінің жас ұрпақтың қалыптасуындағы маңызын айшықтай түсті.
Челлендждің негізгі мақсаты – педагог мәртебесін дәріптеу, білім алушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін қалыптастыру және мектеп қауымдастығы арасындағы өзара сыйластық құндылықтарын нығайту.
Шара барысында айтылған алғыс сөздер ұстаз бен шәкірт арасындағы сабақтастықтың, құрмет пен сенімнің мәнін көрсетті. Мектеп ұжымы мұндай бастамалардың оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға және ұстаз еңбегін бағалай білуге ықпал ететінін атап өтті.
