Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берілді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған. 

ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ