"
Бүгін Алматыда Қазақстанның халық жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иегері,Ұлы Отан соғысының ардагері,көрнекті ақын,аудармашы,әдебиеттанушы Мұзафар Әлімбаевқа 100 жылдық мерейтойына орай өзінің тұрған үйінде ескерткіш тақта ашылды.
Шараға жазушының артынан ерген ұрпақтары,әдебиет әлеміндегі шәкірттері мен Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері қатысып артына қалдырған мол мұралары жайлы көптеген естеліктер айтылды.
АРМАН ХАЛБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
НҰРЖАН ҚУАНТАЙҰЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ,ЖАЗУШЫ
Мұзафар Әлімбаевтың қазақ әдебиеті әлеміне, қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегі орасан зор. Бала жанының жауһарына айналған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде көптеген шәкірттер тәрбиелеп,рухани ұстазға айналды.
ЕРКІН НҰРАЗХАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Ескерткіш тақта қойылып жатқан жазушы тұрған бұл үйде шығармашылығы мен қатар бақытты отбасылық өмірі өткен. Ұл өсіріп,немере қызығының да дәмін татқан. Тұманбай Молдағалиев, Қадір Мырзалиев,Әсет Бейсеуов сынды көптеген ақын жазушылар бұл қарашаңырақтың төрінен орын тепкен.
ӘЛИЯ АМАНБЕКОВА КЕЛІНІ
ЖӘНІБЕК ӘЛІМБАЕВ МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ
Ұлыларын ұлықтаған елдің болашағы жарқын болмақ. Мұзафар Әлімбаевтың ұлты үшін еткен еңбегі еленіп жатқаны соның дәлелі.