"
Алматы қаласындағы Наурызбай ауданы,Ақжар ықшамауданының Тараз,Сәттілік көшелерінің тұрғындары үй іргелерінен басталып жатқан құрылыс нысанына наразы. Құрылыс аумағында техникалық паспорты да ілінбегендіктен қандай нысан салынатынын білмеген қараша балаларының қауіпсіздігіне сонымен қатар тыныштықтарына алаңдаулы.
Жиналған қарашаны толғандырған мәселе көп. Қоршалып, құрылысы басталған нысаннан бейхабар тұрғындар әр нәрседен үрейленеді. Сонымен қатар тұрғындардың айтуынша құрылыс аумағында ашық шұңқыр көзі,оталған жасыл желектер,электр желілерінде орын алып отырған өрескелдіктер бар.
Тұрғындар үшін түсініксіз болып тұрғаны жер жеке меншік болған болса мұндағы ағаштарды әкімшілік жұмысшылары осы күнге дейін күтіп баптап келгені.Қарашаның жаңа құрылысқа қатысты көкейкесті мәселелерін жауапты иелерінен білуге тырыстық.
ӘЛИХАН АБЫЛҒАЗЫҰЛЫ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖАУАПТЫ ӨКІЛ: Жерді 3-4 жыл бұрын сатып алдық,әкімдік арқылы емес. Бұл жердің құжаттары бар ешқандай проблема жоқ.Мұнда қандай да бір ғимарат салғымыз келеді кәсіпкерге жалға беретін дүкен салу сынды. Ешқандай спирттік өнімдер болмайды, бұған жүз пайыз кепілдік беремін. Міндетті түрде төлқұжатпен қамтамасыз етеміз.
Тұрғындар тарапынан әкімшілікке хат жолданған. Мұнымен қанағаттанбаған тұрғындар әкімшілікке жиналып,орын алған мәселені өз ауыздарымен жеткізуге тырысты. Әкімдіктегілер жеке меншікті тексеру біздің құзыретімізге кірмейді дей тұрғанмен,салынып жатқан нысанды барып көруге шешім қабылдады.
АСЫЛХАН ОРЫНБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Құрылыс басын аралап өз көздерімен көріп,тұрғындарды тыңдаған әкімдік жағдайды бақылауда ұстайтындарын жеткізді.