Осыдан екі жыл бұрын СҚО Сібір елігін ату фактісі бойынша қылмыстық іс анықталған. Алайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Жауапты орган залалды өтеу және заңда белгіленген жауапкершілікке браконьерді тарту жөніндегі шараларды осы уақытқа дейін қабылдамаған. Прокуратура заңсыз тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп – тексерудің күшін жойып, тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз етуде.
Қылмыстық іс жасаған екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган 1,2 млн теңге сомасында жануарлар әлеміне келтірілген залалды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 2024 жылғы 12 шілдеде аудандық сот зиянды өтеу туралы талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.