Көктемде Оралдың саяжай қауымдастығына қарасты жүздеген баспананы су шайып кеткен болатын. Жаз біткелі жатса да су басқан орындар әлі көлкіп тұр. Осыған байланысты коммуналдықтар арнайы техниканың күшімен сорғыту жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардың қатынас жолы ашылған соң, өз шаңырақтарына оралғылары бар.
Орал қаласының іргесіндегі 1-ші саяжайдың 36 үйі әлі су астында тұр. Қазір төтеншеліктер арнайы техникалармен тиісті жұмыстарды атқаруда.
АРЫСТАНБЕК ТОБАНИЯЗ БҚО ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТОБЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Қазіргі уақытта жарамды баспаналардың иелері қара шаңырақтарына оралуда. Дей тұрғанмен, көпшілігі жарамсыз күйде.
Оралдық Қабыл Өтеғалиев 12 жылдан бері 1-ші саяжайда өмір сүріп келеді. Тасқынның салдарынан өз баспанасын тастап, баласының шаңырағында отырған жайы бар. Жолдасы екеуінің маңдай терімен салынған зәулім үйінің ештеңеге жарамсыз болып қалғанын көрсе де, саяжай маңына келуін тоқтатпаған. Үй қожайынының мамандардың жұмысына көңілі толмайды.
ТАБЫЛ ӨТЕҒАЛИЕВ ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Статистикаға сүйенсек, тасқын салдарынан бүлінген үйлердің саны 84-тен 36-ға түсті. Мамандардың жұмысы тәулік бойы жалғаспақ. Су сорғызу жұмыстары 1-ші және Зачаганск кентіндегі Стеновик саяжайларында жүріп жатыр.