Елорданың халықаралық әуежайына Париж Параолимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Жанкүйерлерді отандастарымыз ерекше ықыласпен күтіп алып жатыр. Олар Франция  төрінде жүлде саны бойынша 9 медаль еншілеп, рекорд орнатқан еді. Бұл - Қазақстанның паралимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Спортшыларды отбасы мүшелері мен жанкүйерлері, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ыстық ықыласпен күтіп алды. Әуежай адамдарға лық толы. Ел намысын қорған спортшылардың жанкүйерлері қолдарына құшақ-құшақ гүл алып, сән-салтанатпен қарсы алды. Өнерпаздар домбыра мен баянда қазақтың ұлттық әуендерін шырқады. 

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: «Өздеріңіз көріп отырсыздар спортшылар елдегі рекордтты қайта жаңартты. Екі алтын үш күміс, төрт қола медаль бұл үлкен жетістік. Давид Дегтярев екі дүркін пара олимпиада чемпионы атанды.  Қарындасымыз Ақмарал Науатбек пара дзюдода түңғыш рет чемпион аттанды. күміс жүлдегерлері Ерғали Шамей (пара дзюдо), Нұрдаулет Жұмағали (пара жүзу), қола жүлдегерлері Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо) мен Жұрқамырза Шукурбеков (пара дзюдо) және пара дзюдо. Жоғарғы нәтиже көрсетіп, бүгінде ел намысын қорғап отыр. Жетістікке жеткен спортшылармыздың кейстерін, алып анализ жасап, басқа спортшыларға енгізетін боламыз». 

Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалға дейін жетті. Ол ақтық сында франциялық спортшы Сандрин Мартинетті 10:0 есебімен жеңіп, алтын медаль еншілеген болатын. Осылайша, дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанды. Спортшы журналистерге алдағы жоспары туралы айттып берді. 

АҚМАРАЛ НАУАТБЕК ДЗЮДОДАН ПАРИЖ ПАРАЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: «Басшылық үлкен қолдау көрсетті. Маған осы олимпиадаға барар жолда көмегі, үлесі зор болды. Денсауулығыма байланысты проблемалар болған кезде, маған үлкен көмек көрсетті». 

Қобалжу мен қуаныш сезімдері араласқан ата-аналар балаларының жеңісіне дән риза.Олимпиада жүлдегерлерін жанкүйерлері думандатып шығарып салды.