"
Алматыда, Халықаралық Шанхай фестивалінде үздік деп танылған “Талақ’ фильмінің жабық көрсетілімі өтті.Толығырақ келесі бейнематериалда.
Шанхай кинофестивалі – әлемдік «А» санатына жататын 10 доданың бірі. Биылғы халықаралық байқауға 100-ден аса ел мен аймақтан 4 мыңға жуық өтінім түскен. «Алтын кубок» жүлдесіне 5 номинация бойынша 50 кинотуынды таңдап алынған. Оның 38-і – әлемдік премьера. Іріктеуден өткен толықметражды 14 фильмнің арасынан «Талақ» туындысы үздік деп танылды.
ДАНИЯР САЛАМАТ “ТАЛАҚ” ФИЛЬІМІНІҢ РЕЖИССЕРІ «Жалпы Талақ деген қалдырған себебіміз, басқалай да қоюға болатын еді өйткені сол кездері 20-шы жылдары біздің қазақ еліне жан-жақтан қыспақ келгенде өзінің тілінен, өзінің тұрмысынан, өзінің өмір сүру тәртібінен айырылып жатқан кездерде, ол еріксіз өзінің бұрынғы еріксіз үйреншікті өмірін Талақ етуге мәжбүр болды. Талақ деген сөз мұсылман заңдылығы бойынша, бір жақты ғана жасалады, яғни әйелі талақ айталмайды, ер адам ғана айталады.Сол себепті осы идея, осы форма дәл сол кездегі қазақ өміріне дәл келіп тұр.Өйткені сол кезде қазақ елі шыныменде өз елінен, өзінің ұстанымынан,өзінің тұрмысынан өмір сүру тәртібінен айырылғысы келген жоқ. Бірақ амал жоқ Талақ айтуға мәжбүр болды.Осы сәтті Би ағаңның әңгімесінде астарлап жеткізгендей болды. Бірақ біз сол тақырыпты тереңірек қазуға тырыстық, тереңірек көрсетуге Би ағаңның айтқысы келген, Би ағаңның өзінің стилистикасына сай, өзінің типтік образдарына сай әрекеттерді біз қосымша кіргізіп, бір бүтін дүние жасап шықтық».
Фильм жазушы Бейімбет Майлиннің Талақ және Әже әңгімелер желісімен түсірілген. XX ғасырдың 20-30 жылдарын суреттейтін туындыға ұжымдастырудың салдары, сол замандағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әйелдің ауыр тағдыры арқау болған. Кинодағы басты рөлдерді қазақстандық белгілі актер Ерболат Әлқожа және жас актриса Амира Омарова сомдады.
ЕРБОЛАТ ӘЛҚОЖА АКТЕР: «Менің кейіпкерім өте бір кішкентай ғана адам.Өзім көптен бір армандап жүрген рөлім болатын.Кішкентай адамның рөлін сомдадым. Оның көп жақсы қырлары бар шыдамдылық бар кейбір кездерде оның жаман жағында көрсеттік себебі өзінің дегеніне жете алмай қорқақтығы, ынжықтығы бар.Осындай нәрселер адам бойында болмаса екен дейміз.Себебі бұл біздің қазақтың, қазақ даласында қаншама жаншылдық, қазақ қаншама қорлық көрді, кімнен қорлық көрді, қалай болды өмірі астан кестеңі шықты, 180 пайызға бұрылып кетті. Осы нәрсенің бәрін қалай болды соны көрсеткіміз келді, халық біздің қазақ өзінің тарихын көргісі келетін болса, осы фильмді көруі керек».
Шанхай фестивалінде қазылар алқасы сол кездегі өмірді боямасыз, әзілге, фарсқа орап бергені үшін ерекше бағалаған.Айта кетейік, Талақ фильмін 12 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көре аласыздар.