Петропавлдық Анвар Файзуллин қауіптен қорғау мен әсемдік үшін құрылыс қалдықтарынан көне Еуропа стильінде қамал тұрғызған. Тіпті, сарайдың айналасына түрлі ағаштар егіп, жасыл түсте әсемдеген.
Жардың жиегінде салынған сарайға қарап, құдды ертегідегі патшаның қамалы ма дерсің. Бірақ бұл – Анвар шебердің ауласы.
АНВАР ФАЙЗУЛЛИН ШЕБЕР «Бұл ата-анамның үйі. Осында туып өстім. 2014 жылы ұлым үйіміздің қасынан жер сатып алды. Міне, ол жер осындай биік жар болды. Әрине, қауіпті. Сондықтан, бұлай тұрғаны маған ұнамады. Қауіптің алдын алу мақсатында, әрі әсемдік үшін осындай ғимараттар салдық. Жар құламауы үшін өсімдіктер де ектік».
10 метр биіктіктікте орналасқан қамалға арнап баспалдақ орнатса, жан-жағын бекітуге мыңнан аса тас қолданылған. Сарайдың әдемілігіне қарап, үлкен күштің кеткенін әсте аңғаруға болады.
АНВАР ФАЙЗУЛЛИН ШЕБЕР «Мен бұл қамалды салу үшін қарапайым заттарды қолдандым. Олар тас, кірпіш және шифр. Жалпы, құрылыстан қалған заттардың барлығын кәдеге жараттым. Әрине, мен секілді қарт адамға бұндай биіктікке шығу қиын. Құлап кетіп, мерт болуым мүмкін еді. Бірақ, мен қорқып жата берсем, мұндай әсемдік ешқашан пайда болмас еді. Егер, менің үйімнің ауласы басқаша болса, басқа стильдегі ғимарат салатын шығармын. Кім білсін?!»
Сарайдың терезесі мен қақпасын жасауға темір сымды пайдаланған. Әрбір бөлшегіне ерекше мән беріп, ептілікпен жасауға шебердің 10 жылы кеткен.
ДИЛЯРА ФАЙЗУЛЛИНА ШЕБЕРДІҢ НЕМЕРЕСІ «Менің жасым 9-да. Маған атамның қасында жүріп, оған көмектескен қатты ұнайды. Біз бірге түрлі өсімдіктер егеміз. Менің досмтарымның барлығы атам туралы біледі. Қатты қызығады. Мен атамдықатты жзақсы көремін және мақтан тұтамын».
ДАМИР ФАЙЗУЛЛИН ШЕБЕРДІҢ НЕМЕРЕСІ «Мен өскенде атам секілді сәулетші болғым келеді. Қазір жасым 10-да. Атаммен қасында жүріп, көп нәрсе үйренемін. Осындай зәулім, керемет ғимараттар салу менің арманым».
Көзге оттай басылатын сарайдың жанынан жай өту мүмкін емес. Себебі, ол сондай асқан шеберлікпен тұрғызылған. Сол себепті де, тамашалауға келетін қарашаның саны да қалыңдаған.
ВЛАДИСЛАВ КИМ, ТУРИСТ «Бүгін Петропавлдағы небір әсемдікке куә болып жатырмыз. Анвар Файзуллин керемет кісі екен. Қалдықтарды тастамай, осындай ғажап дүние жасап отыр. Үйінің ауласының кез келген жері әсемдікке толы».
ЕЛЕНА КИМ ТУРИСТ «Бұл ғажап көріністі көру барлық адам үшін қолжетімді. Ешқандай ақы сұрамайды. Үй иелері өздері қарсы алып, барлығымен таныстырды. Өте ризамыз. Осындай шебер, жайдары жандар көп болсын».
Шебер зәулім сарайдың айналасындағы ағаштарды корей бағына ұқсатып жасаған. Барлығы жасыл түспен көмкерілген. Тіпті, жеміс-жидек ағаштары да бар. Бұның барлығы келушілерге ерекше әсер қалдырары сөзсіз.